• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қараша, 2020

Қазақстан коммунистік халық партиясы атауын өзгертті

1213 рет
көрсетілді

Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгерді. Енді ҚКХП "Қазақстанның халық партиясы" дап аталатын болады, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі. Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты. Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз", - деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.