• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2013

Ақпараттар ағыны

271 рет
көрсетілді

*Талдықорғаннан Алма­тыға әуе қатынасы іске қосы­лады. Бұл туралы айтқан Алма­ты облысының әкімі Аңсар Мұ­саханов онымен «Жетісу» компаниясы айналысатынын жеткізді. Оның құрамында әзірге 4 ұшақ бар және ол облыс әкімдігінің балансында тұр.

*Талдықорғаннан Алма­тыға әуе қатынасы іске қосы­лады. Бұл туралы айтқан Алма­ты облысының әкімі Аңсар Мұ­саханов онымен «Жетісу» компаниясы айналысатынын жеткізді. Оның құрамында әзірге 4 ұшақ бар және ол облыс әкімдігінің балансында тұр.

*Шығыстың туристік әлеуетін тиімді жарнамалау қажет. Өскеменде өткен арнайы кеңесте осы мәселені көтерген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұны жасауға толық мүмкіндік бар екенін айта келіп, тиісті құрылымдарға осыған байланысты нақты тапсырмалар берді.

*Оңтүстік Қазақстан об­лысының Бәйдібек ауданын­да 3 медициналық нысан ашылды. Соңғы үлгідегі ме­ди­циналық жабдықтармен жарақталған олар ауылдық округтер қарауындағы Ақтас, Жиенқұм және Ынтымақ атты шағын елді мекендерде пайда болды.

*Атырау облысында «Қыс-2013» жаттығуы аясында комиссия отырысы өтті. Онда республикалық оқу-жат­тығуға дайындық мәселесі тал­қыланып, алда атқарылатын жұмыстар сараланды.

*Жамбыл облысында Хан­тау цемент зауытының проб­лемасы шешілді. Таяу­да Елбасының сынына ұшыра­ған бұл нысан айналым қара­жа­тының жоқтығы салдарынан тоқтап қалған еді. Қазір жоба бойынша жаңа инвестор табылды, ол өнім өндіруді 2014 жылдың бірінші жартысында бастағалы отыр.

*Павлодарда 30 белсенді жасқа облыс әкімінің білім гранты тапсырылды. Өңір басшысы Ерлан Арын мұны Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестігінің белсенді­ле­рімен кездесу барысында жүзеге асырды.

*Қызылордада ауыр ат­лет Алмас Өтешовке құр­мет көрсетілді. Қала әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев «Сыр жас­тары – жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дәстүрлі форумында жақында әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып қайтқан спортшыға арнайы сыйлық табыс етті.

Еліміздегі облыстық және қалалық әкімдіктер сайттары материалдары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар