• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қараша, 2020

Елбасы халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылданатынын айтты

259 рет
көрсетілді

Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Ол меморандумды дайындауымыз керек. Ассамблея осы бастаманы қолға алса, дұрыс болар еді. Бірлік, келісім, теңдік – біздің негізгі принциптеріміз. Оларды қорғауға барлығымыз күш салуымыз керек. Ассамблеяны жалпыазаматтық және жалпыұлттық институт ретінде дамыта беруіміз керек", деді Елбасы.

Тұңғыш Президент Ассамблеяның орталық аппаратының, өңірлік құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің тиімділігін арттыру қажет деп есептейтінін баса айтты.

"Бұл ең әуелі Ассамблеяға "Қазақстан-2050" стратегиясы алға қойған ауқымды міндеттерді, сонымен қатар, 30 өсіп-өркендеген елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің жұмыс істейтін бағдарламамыз бар. Қазір бәріміз қиын жағдайда тұрмыз. Дегенмен, мықты мемлекет құрдық, аяғынан тік тұрғыздық. Қазір күшіміз де, қаражатымыз да бар. Бұл тоқыраудан да шығамыз. Енді қазір әрі қарай өрлеу, өркендеу мәселесін алға қоюымыз керек", деп айтып өтті Н.Назарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар