12 қарашада сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тасжолының (Бөгенбай батыр арқылы өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытындағы оң жақ жолағын жабу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліске жол бермеу үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", делінген Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.