• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қараша, 2020

Індетке шалдыққан 182 науқастың жағдайы нашар

140 рет
көрсетілді

2020 жылдың 12 қарашадағы коронавирустық инфекциямен коронавирустық инфекциядан 7 941 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 868 науқас жатыр. 5 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 182 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 188 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.