• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 12 Қараша, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

128 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтты. Әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.