Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Johns Hopkins мәліметінше, қазір әлемде індет жұқтырғандардың саны 52 041 515 құрайды, 1 282 184 адам қайтыс болды, 33 870 032 адам сауығып кетті.
Инфекцияның ең көп жағдайы АҚШ-та анықталды. Онда 10 392 702 адам вирус жұқтырған, 241 047 адам қайтыс болды, 3 997 175 адам жазылып шықты. Індетті жұқтырғандардың көп дерегі сондай-ақ Үндістанда тіркелді. Мұнда 8 636 011 адам инфекция жұқтырған. 127 571 адам қайтыс болып, 8 013 783 науқас айығып кетті. Үшінші орында Бразилия, онда 5 747 660 адам жұқтырды, 163 368 адам қайтыс болды және 5 222 937 адам жазылды.