• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 12 Қараша, 2020

Қытайда импорттық тауарлардың халықаралық көрмесі аяқталды

269 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылы қазақстандық 35 азық-түлік өндірушісі III Шанхай халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне (CIIE 2020) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

6 қарашада Шанхайда өткен көрмеде қазақстандық павильонның салтанатты ашылуында ҚР Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев, сыртқы сауда ұйымдарының өкілдері және PwC халықаралық консалтингтік компаниясының серіктестері құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанатына 30-дан астам шетелдік ресми делегация қатысты.

Биылғы жылы Covid-19 пандемиясына байланысты көрмеде тек дәм татуға мүмкіндігі жоқ өнімдердің үлгілері ұсынылды. Алайда, бұл компания өкілдеріне bizconf, VooV және WeChat платформаларын пайдалана отырып, әлеуетті серіктестермен онлайн-форматта нақты келіссөздер жүргізуге кедергі жасаған жоқ.

Қазақстандық павильонға қытайлық компаниялардың 1000-нан астам өкілі келді. Келушілердің арасында ірі дистрибьюторлар мен тамақ өнімдерін импорттаушылар, супермаркеттер мен мейрамханалардың ірі желілерінің өкілдері болды. Әлеуетті сатып алушылар қазақстандық өнімнің толық сипаттамасы бар каталогтарды алды.

Биыл Қазақстанның Қытайдағы көрмеге қатысуы ҚР СИМ – "QazTrade Accelerator" экспорттық акселерация бағдарламасы аясында өтті. Көрмеде азық-түлік компаниялары, Бағдарлама қатысушылары өз өнімдерін ұсынды. Қытайлық серіктестер Қазақстан өнімдерімен мынадай санаттарда танысуға мүмкіндік алды: 1) ұн тарту өнеркәсібі, крахмалдар мен крахмал өнімдері, 2) ет, балық (мұздатылған, консервіленген), 3) сусындар, 4) сүт өнімдері, 5) кондитерлік өнімдер және бал, 6) өсімдік майлары, 7) тұздықтар мен тұз.

Қазақстандық компаниялардың ағымдағы жылы қатысуы сапалық жағынан басқа көрмелерге қарағанда мұқият дайындық үдерістерімен және қажетті маркетингтік жұмыстарды жүргізумен ерекшеленеді. Осылайша, WeChat және Weibo платформаларында "QazTrade Accelerator" бағдарламасының ресми арналарында маркетингтік компания алдын ала іске қосылды, бұл әлеуетті қытайлық серіктестерді тартуға мүмкіндік берді. Мақсатты телемаркетинг және Қытай өнеркәсіптік журналдары мен бизнес қауымдастықтарындағы жарнамалар тауарлардың алға жылжуына ықпал етті.

Нәтижесінде, көрмеге қатысушы әрбір қазақстандық компания орта есеппен қытайлық әлеуетті серіктестердің 10-нан 30 B2B-ға дейінгі байланысына ие болды.

Қытайлық компаниялар мен тұтынушылардың қызығушылығы дәстүрлі түрде ет және өсімдік еті сияқты отандық органикалық өнімдерге бағытталған. Отандық өнімнің жоғары сапасының арқасында көрме аясында компаниялар арасында негіздемелік меморандумдар жасауға мүмкіндік туды:

- "Қостанай ұн тарту компаниясы" ЖШС және Jiu San Group құрамында ГТТ жоқ күнбағыс майын сатып алу бойынша;

- Shandong Ju he Yi "Рыбпром" ЖШС-мен жаңа мұздатылған балықты өткізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою ниетін мәлімдеді;

- CPU Supply Chain Management Co. Ltd. шартқа қол қоюға және өндіруші "Meat processing and service" ЖШС-тен еттің сынама партиясын сатып алуға дайын. Сонымен қатар, Қытай тарапы Қытай аумағында ет сату бойынша бірлескен кәсіпорын немесе компания өкілдігін құруды ұсынды;

- Kunlunke business management Co Ltd., сондай-ақ "Meat processing and service" ЖШС компаниясының сиыр етін алғашқы сатып алуды жүзеге асыруға және қытайлық тұтынушыны қазақстандық өндірушінің табиғи өнімімен таныстыруға дайын. Қазақстандық еттің артықшылығы – оның құрамында ешқандай химиялық қоспалар жоқ және экологиялық таза өнім болып табылады.

Бұл көрменің алдын ала нәтижелері ғана. PwC сарапшыларының белсенді қолдауымен барлық алынған бизнес-байланыстармен одан әрі келіссөздер жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, отандық тауарларды қытайлық сауда желілері мен маркетплейстерге шығару үшін кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде.