• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2020

Атырауда 12 адам коронавирус жұқтырды

348 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте 12 адамның қауіпті індеті жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастардың бесеуі Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ,  Жылыой ауданында төрт, ал, Құрманғазы  ауданынан үш тұрғыннан коронавирус инфекциясы анықталды.

«Қауіпті індет алты науқаста симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар жоқ. Қазір 79 пациент үй жағдайында емделуде. Ал, №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 38, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 10 науқас ем қабылдап жатыр» » деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.