• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2013

Әскери мәселелер қаралған қабылдау

323 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов қатысты.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшы­сын Қазақстан армиясының әскери да­йындығын арттыру, техникалық жарақ­тандырылуын жақсарту жөнінде қа­былданған шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Қарулы Күштерді одан әрі реформалау жолдары қа­рас­тырылды. Мобилизациялық резерв­тер­ді жасақтау және қысқа мерзімді әс­кери қызметтің сапасын арттыру мә­се­лелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мемле­кет басшысы қаралған мәселелерге қа­тысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар