• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2020

Алаяқтық қылмыстар түгелге дерлік ашылды

339 рет
көрсетілді

Қазір адамдарды алдап, сеніміне кіріп, оның мүлкіне қол сұғып, иемденіп алаяқтық жасайтындар қатары көбеюде. Мәселен, 10 айда Қызылорда облысында осындай 511 қылмыс тіркеліп,  оның 490-ы немесе 96 пайызы ашылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Әмитовтің қатысуымен өткен брифингте айтылды. 

Қылмыскерлер негізінен пәтер, жер учаскесін, жеңілдетілген несие алып беруге, жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өзіне сенген жұртты жер сипатып кетеді. Соңғы кезде ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты, аталған қылмыстардың көбі интернет арқылы жасалатыны байқалады. Сондықтан, полиция қызметкерлері жеңіл табыс табуға уәде берген адамдар жолыға қалғанда ең алдымен заң қызметкерлерінен қажетті кеңестер алып, сақтық шараларына ерекше назар аударуды сұрайды.

Есепті мерзімде кәмелетке толмағандарға қатысты 19 қылмыс тіркелген. Балалар жасайтын қылмысты тек полиция күшімен тыю мүмкін емес. Сол себепті құқық қорғаушылар ата-аналармен, басқа да қоғамдық емес ұйымдармен бірігіп жұмыс жасауға баса мән беріп отыр. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының талаптарына сәйкес 2528 ата-ана жауапқа тартылды.  

Он айда облыста 345  жол көлік оқиғасы кезінде 68 адам қайтыс болса, 401-і  дене жарақатын алған.         Жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуы. Көлікті мас күйде басқарған 902 жүргізуші анықталып, барлығы әкімшілік қамаққа алынды. 785-і көлік құралын басқару құқығынан айырылды.