Жуырда астанадағы Жазушылар үйінде жас қаламгер, халықаралық «Шабыт» жастар сыйлығының лауреаты Бақытгүл Сәрмекованың «Кейіпкер» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізген шараға елордалық жазушылар мен оқырмандар қатысты. Белгілі авторлар Төкен Әлжантегі, Толымбек Әбдірайым және жас жазушылар Есбол Нұрахмет, Бақытбек Қадыр сынды басқа да кітапсүйер қауым «Кейіпкер» жинағына енген «Ақындардан жеріну», «Қоңыр үй, ақ жигули» әңгімелерін талдап, автордың қысқалық концепциясына һәм суреттеу ерекшеліктеріне тоқталып, пікір білдірді.
Айта кетейік, «Кейіпкер» кітабы «Қаламгер» баспасынан 2000 данамен жарық көріп отыр.