• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Алматының ортасында қаруланған ер адам ұсталды

193 рет
көрсетілді

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

11 қараша сағат 22.00-де кезекші бөлімге Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында қаруы бар ер адам жүргені туралы хабарлама түседі.

Содан кейін айтылған мекенжайға шыққан Ұлттық ұлан әскерилері Қонаев-Мәметов көшелерінің қиылысында ер адамды табады. Ол тәртіп сақшыларын көріп, қашуға тырысады. Алайда әскерилер оны ұстаған.

Ұсталған орынға Медеу ауданы ПБ тергеу-шұғыл тобы шақырылған. Сол жерде 26 жастағы азаматтан екі газ және нөмірі өшіп қалған сигналдық тапанша тәркіленеді.