• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қараша, 2020

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жепе-жегі туралы мәлімдеме жасады

147 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBO Global титулының иегері боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлем чемпионы титулы үшін болатын өзінің келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде 9-шы орында тұр.

Осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) батыл түрде айқасқа шақырды.

"WBC рейтингісінде нөмірі 6. Дайын бол , Чарло, 2021 жылы жұдырықтасатын боламыз", деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында.

Одан кейін ол "2021 жылы мен чемпион боламын!", деді. Еске салсақ, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн әзірге белгісіз, алайда спортшы Лос-Анджелесте дайындық жаттықтыруға кірісіп кеткен.

Биылғы жылы 10 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.