• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қараша, 2020

АҚШ-та онлайн қазақ сыныбы ашылды

306 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Хьюстон қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Жоба "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Онлайн сынып ашу үшін арнайы құрылғылар топтамасы "Шаңырақ" қоғамдық ұйымына табысталды. Қазақ сыныбы 9301 W Belfort avenue, Houston TX мекен-жайында орналасқан," деп жазады "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының төрағасы Қуатбек Махум Facebook парақшасында.

Бүгінде қазақ тілі курсының ІІ семестрі өтуде. Сабақтарға қатысу үшін "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылу қажет. Сабақ Microsoft Teams платформасы арқылы өтеді. Сондай-ақ, YouTube платформасындағы "Otandastar Channel" каналына жазылып, І семестрдегі сабақтарды көре алады.