• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Шымкентте автомобиль жолдары саласында 24,7 млрд теңге игерілді

97 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында биыл жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов қаладағы жол саласында атқарылған жұмыстардың барысын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жалпы 33,8 млрд теңге қаржы қаралған: республикалық бюджет – 10,8 млрд теңге, жергілікті бюджет – 23,0 млрд. теңге.

Биыл автомобиль жолдары саласына – 25,4 млрд. теңге бөлінген. 2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 24,7 млрд теңге немесе 73,1 % - ы игерілді. Қараша-желтоқсан айларында 6,2 млрд теңге қаржы игерілетін болады.

Ағымдағы жылы қалада 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде, осы жылы 236 нысан (306,7 шақырым) пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның ішінде: 1,8 мың шақырым. – асфальтталған, қалған 1,2 мың шақырым. – шағал тас пен топырақ. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 3,5 %-ға ұлғайып, жалпы 60%-ға жеткізу жоспарланған.