• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Қостанай облысындағы 1200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

89 рет
көрсетілді

Қостанай облысында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын іске асыруға 49 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді. Оның сөзінше, биыл бағдарлама шеңберінде 245 жоба қаралып, оның 192 -сі мақұлданды. Бұл мақсатта 31 млрд теңге игерілді. Жалпы жобаның орындалуына 49 млрд теңге жұмсалмақ.

"Қабылданған 192 жобаның дені шағын және орта бизнес субьектілеріне тиесілі. Жобаларды орындаудағы басты талап тұрғындар мен бизнес субъектілерінің санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға жауаптылығы болып отыр. Короновирустық инфекцияның өршіп кетуіне байланысты 9 қарашадан бастап облыстың периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнатылды. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөліктерді өткізу қатаң тексеріледі. Мұны азаматтарымыздың індет жұқтыру қаупін барынша азайтуға бағытталған мәжбүрлі шаралар екенін түсінуіміз керек", дейді басқарма басшысы.

Облыста "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгеге 1200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Сонымен қатар ҚР Үкіметі бизнесті қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдады.

"Атап айтқанда, ҚР Ұлттық Банкінің жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша 15,9 млрд. теңгеге 74 кредит мақұлданды. ШОБ-қа қатысты тексерулер мен профилактикалық бақылау актілерінің саны 39%-ға қысқарды. Екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары саналатын 171 кәсіпкерлік субъектісіне кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл кәсіпкерлерімізге үлкен көмек болып отыр. Сондай-ақ коммуналдық меншіктің 729 шарты бойынша жалдау ақысын есептеудің тоқтатылғаны қуантады. 46 мың микро және шағын бизнес субъектісі салықтан толық босатылғанын атап өту керек", дейді О.Сапарбеков.

Облыста infokazakhstan.kz электрондық порталы жұмысын жалғастыруда. Сайт арқылы кәсіпкерлер өз қызметін қалпына келтіре алады. Осы жылдың 12 қарашадағы мәліметі бойынша порталға 23 477 өтінім берілсе, оның 18 472-сі мақұлданды.