• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Болат Тілепов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

355 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Болат Анапияұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірген Түркістан қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығындағы "Конгресс-Холл" мен "Алатау медиа" және "Сапар" орталықтарын аралап көріп, жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұнан соң вице-министр Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ–Түрік универсиетінің кітапханасын аралап көріп, сонда орналасқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен де танысып шықты.   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы негізгі бағыттардың бірі – "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы.   Аталған бағыт аясында облысымызда биыл 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан. Түркістан облысындағы барлық білім беру мекемелерінде жоба туралы жан-жақты түсіндіріліп, сынып, тәрбие және түрлі ашық сабақтар өткізілуде. Сондай-ақ, өңіріміздегі барлық кітапханалар арнайы шығарылған кітаптармен қамтылуда.   Жалпы жыл басынан бері "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыста 821 іс-шара өтіп, 100 мыңға жуық адам қамтылған. Іс-шараларың басым бөлігі онлайн форматында, челлендж, байқау, кездесулер түрінде ұйымдастырылуда. Жыл бойғы атқарылған жұмыстар туралы вице-министрге Түркістан облыстық   "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдәзім жан-жақты баяндап берді. Болат Анапияұлы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, кеңсе қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.   "Жыл бойы атқарылған жұмыстар аз емес екені байқау қиын емес. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыруда Түркістан облысының маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл бағдарлама негізгі 4 бағытта жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта бұл жобалар қайта қаралуда. Сондықтан Түркістан облыстық жобалық кеңесінің жұмысын одан әрі жүйелеп, күшейтуіміз қажет", деді Болат Анапияұлы.   Мұнан соң вице-министр облысымыздағы бірқатар үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп, алда атқарылатын жоба-жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, жобаларды қаржыландыру, жүйелеу бағытында қола алынғалы отырған жобаларды баяндап берді.