• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2013

Әйтеке би туралы деректі фільм

580 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінде облыстық мәдениет басқармасы мен «Әйтеке би» мейірімділік қорының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әйтеке бидің ақ жолы» деректі фильмінің тұсаукесері өткізілді.

Фильмнің тұсаукесеріне ақтөбеліктер көп жиналды. Оның да реті бар. Әйтеке би қалың қазаққа ортақ тұлға дегенімізбен, облыста оның тікелей ұрпақтары көп тұрады, кейінгі жастардың ұлтының ұлы тұлғаларын танып-білуге деген ықыласы да зор. Фильмнің авторы, режиссері – халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының директоры, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек. 

Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінде облыстық мәдениет басқармасы мен «Әйтеке би» мейірімділік қорының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әйтеке бидің ақ жолы» деректі фильмінің тұсаукесері өткізілді.

Фильмнің тұсаукесеріне ақтөбеліктер көп жиналды. Оның да реті бар. Әйтеке би қалың қазаққа ортақ тұлға дегенімізбен, облыста оның тікелей ұрпақтары көп тұрады, кейінгі жастардың ұлтының ұлы тұлғаларын танып-білуге деген ықыласы да зор. Фильмнің авторы, режиссері – халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының директоры, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек. Фильмде елінің егемендігіне, тәуелсіздігіне өлшеусіз еңбек сіңірген, халқының қамын жеген қазақтың үш биінің бірі Әйтеке би Бәйбек ұлының өмірі мен қайраткерлігі, шешендігі туралы деректер келтіріледі.

Шындығында, қазақтың тұтастығы, тәуелсіздігі жолында көсемдігі мен шешендігі қатар көрінетін үш ұлы бабамыз Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер еңбегі қалай ұлықтауға да, қадірлеуге де тұрарлық. Олардың ұлтын ұйыстырудағы ұлағаты кейінгі ұрпаққа жетуі үшін қанша фильм түсірсе де артық етпес еді. Фильм Қазақстанда, Өзбекстанда түсірілген. Бұл – Әйтеке би туралы түсірілген бірінші фильм.

Халқымыздың біртуар тұл­ғасы туралы түсірілген деректі фи­льмнің тұсаукесерін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәпен Жұмабаева кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихымызды түгендеуге, рухани құндылықтарымызды қастерлеуге аса маңыз беріп отырғанын жет­кізе келіп, қазақтың үш биінің бірі, Хан кеңесіне 19 жыл мү­ше болған Әйтеке бидің есімін есте қалдыруға байланыс­ты атқа­рылған жұмыстарды тіл­ге тиек етті. Өзбекстандағы Науаи облы­сындағы Нұратада Әйте­ке би мен Сейітқұл әулиеге ке­ліс­ті ке­сене тұрғызылғанын, оған ақтө­беліктердің де үлес қосқа­нын атап өтті. Облыста Әйтеке би атын­дағы аудан, станса, сон­дай-ақ, әр елді мекенде көше бар екенін еске салды. Ақтөбе қала­сында бабамыздың биіктігі 6 метр­лік ескерткіші орнатылғанын да қа­зақ­тың қамын жеген ұлы тұл­ғаға деген құрметі екенін айтып өтті.

– Әйтеке би туралы әдеби және ғылыми-зерттеу кітаптар жазылды, тарихи-танымдық шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Алайда, фильм түсірілмеген болатын. Бүгін тұсаукесері ұйымдастырылып отырған «Әйтеке бидің ақ жо­лы» деректі фильмі осындай ол­қы­лығымыздың орнын толтыруға бағытталған бастама, – дей келіп, Зәпен Жұмабаева деректі фильмнің авторы, режиссері Доқтырхан Тұрлыбекке облыс әкімдігі атынан алғыс сезімін білдірді. Содан кейін сөз алған Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лау­реаты, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының директоры Доқтырхан Тұрлыбек Әйтеке би жатқан қорымды табу, оның бас сүйегін зертханалық зерттеу арқылы мәйітін анықтап, басына кесене орнату жолында жанкешті жұмыстар жасалғанын әңгімеледі. Оның басына сәулет өнерінің озық үлгілері қолданылған келісті кесене салуда оның ұрпақтарымен бірге, қазақтың Атымтай жомарт жігіттері қолдау көрсеткенін, сол кез­дегі Қазақстанның Өзбек­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековтің еңбегі зор екенін атап өтті. Ба­ба­мыз туралы деректі фильм ал­ты жыл түсіріліпті. Оған автор өз қаржысымен бірге кәсіп­кер қазақтардың демеушілік жаса­ғанын тілге тиек етті.

Тұсаукесерге жиналғандар «Әйтеке бидің ақ жолы» дерек­ті фильмін тамашалады. «Шам­шы­рақ-Ақтөбе» ЖШС директоры, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы Әйтеке би туралы ойын тарқата келіп, деректі фильмді ұлы бабамыздың тәуелсіз мемлекетіміз үшін сіңірген еңбегін, оның көреген саясаткерлігін және көсемдігін, шешендігін тану және кейінгі ұрпаққа насихаттау жолындағы алғашқы қадам ретінде бағалады. Бұл бастаманы алда да толықтырып, дамыта түсу қажеттігіне тоқталды. Тұ­сау­кесерді облыстық филар­мония­ның, Достық үйінің әртістері Әй­те­ке биге арналған әндермен және күйлермен ажарландыра түсті.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Суретті салған

Ағымсалы ДҮЗЕЛХАНОВ.

Соңғы жаңалықтар