Қостанай облысында екі елік атып алған браконьерлер тобы ұсталды. Олардан екі ұңғылы мылтық тәркіленіп алынды. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында өткен жедел-алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
7 қараша күні Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Коняево көлінің маңында "Toyota Hilux" маркалы автокөлікті ұстайды. Қостанай облысының төрт тұрғыны отырған жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған елік жатқан. Тексеру барысында полиция қызметкерлері "Toyota Hilux" автокөлігін, еліктің денесін, 16 калибрлі тіркелмеген екі ұңғылы мылтықты тәркіледі.
"Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.