• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қараша, 2020

Жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттады

485 рет
көрсетілді

Аяғына оқ атып алған 16 жастағы жасөспірім СҚО облыстық балалар ауруханасына жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz

12 қараша күні ол 18 жастағы танысының үйіне барғанда пневматикалық мылтықты атып көрмекші болады. Мылтықтың оқталып тұрғанын білмей, жазатайым аяғына оқ атып алған. Келесі күні фельдшерге жүгініп, облыстық балалар ауруханасына жіберілген.

Дәрігерлер аталған факті туралы полицияға хабарлаған. Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бабы бойынша әкімшілік материал жинауда.

Мылтық әкімшілік сот шешіміне дейін тәркіленді. Ювеналдық полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.