• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Қараша, 2020

Қамыстыға көгілдір отын келеді

140 рет
көрсетілді

Аймақтарды дамыту бағдарламасына орай, Қостанай өңірін газдандыру жұ­мыс­тары қарқынды жүргізілуде. Орта­лық­тан алыста орналасқан Қамыс­ты ауылына да көгілдір отын жететін болды.

Былтыр бұл ауданды газбен қамтамасыз етудің екінші сатысы шеңберінде 270 млн теңге игерілсе, биыл  аталған қаражат көлемі 800 млн теңгеге жетті. Келер жылға тағы 750 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа Қамысты-Алтынсарин жоғары қысымды газ құбыры тартылмақ. Құбырдың жалпы ұзындығы – 60 шақырым. Жоба толық жүзеге асқанда  3000-ға жуық халық көмір мен қи жағудың әлегінен құтылады.

– Көгілдір отын құбырына жақын маң­­дағы Бестөбе және Адаев ауылдары қо­сылады. Бұл жоба біздің аудан халқы үшін өте маңызды, – дейді аудан әкімі Ғазиз Бекмұ­хамбетов.  

Алдағы уақытта ауданда іске асырылатын тың жобалар мен жұмыстар көп. Басты міндет – экономиканың әлсіреуіне жол бермеу. Экспорттық әлеуетті арттыру үшін құ­рама жем дайындайтын цех салынбақ. Аудан экономикасындағы оң өзгерістер бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етуде.