• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қараша, 2020

Көне түркі жәдігерлері

834 рет
көрсетілді

Ғасырлар бойы ел жадында мәңгі өшпес мұраға айналған түбі бір түркі халқының мәдени жауһарлары мен тауаңды тарихы екені белгілі. Сол асыл дүниелерден бастау алған бауырластық бүгінде әлемді еріксіз таңғалдыруда. Оған тағы бір дәлел – Ұлттық музейде ашылған «Көне түркі өркениеті» залы.

Аталған залдың ашылу салтанатында беташар сөзді Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы алды.

– Адамзат тарихында түркі өркениетінің алатын орны өте зор. Ұлан-ғайыр атырапты ба­ғындырған түркілер көш­пе­лілік пен отырықшылық мәде­ниетті шебер ұштастырып, өнер мен ғылымның іргелі ордасына айналды. Сондықтан ата-баба ерлігін ұлықтау – біз­дің міндетіміз! – деді А.Мұ­хамедиұлы.

Шара барысында Түр­кия Рес­публикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Уфук Экиджи, Өз­­бекстан Республикасының Қазақ­стандағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Саи­ди­крам Ниязходжаев, Қыр­ғыз­­стан Республикасының Қазақ­­стан­дағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Жээн­бек Ку­лубаев, Әзер­­­бай­жан Рес­­публикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісінің бірінші хат­­шысы Эйваз Мусаев құт­тық­тау сөз сөйлеп, көне түркі өркениетінің мәдени және рухани мұраларын саралап, олар­­дың бүгінгі ұрпақ үшін ма­ңызын атап өтті.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – Еуразияның далалық аумағында импе­рия­лық дәрежеге жеткен Көне түркі өркениетінің мәдени және рухани мұраларын бүгінгі түр­кі халықтарының мызғымас мұрасы ретінде насихаттау.

«Көне түркі өркениеті» залы Ұлы дала төсінде алып мемлекетке айналған ортағасырлық түркілердің рухани және ма­териалдық мәдениетіне ар­налған. Жалпы, зал экспозициясы үш бөліктен тұрады. Алғашқысы түркілердің жаз­ба мәдениетіне арналса, екін­ші бөлігінде түркілердің ді­ни сенімінен сыр шертетін тас мүсіндер қойылған. Зал экс­позициясының үшінші бө­лігінде түрлі қорымдар мен обалардан табылған тарихи жә­­дігерлер (ат-әбзелдері, қару-жарақтар және т.б.) топтас­тырылған.

Енді, бұдан былай Ұлттық музейдің қонақтары жаңадан ашылған «Көне түркі өркение­ті» залын тамашалап, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге қатысты тың мағлұматтармен таныса алады.