• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қараша, 2020

Қазақстанда eGov.kz сайты істемей тұр

271 рет
көрсетілді

eGov.kz порталында техникалық ақау болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сайтқа кіргенде "Қосылу санының көбеюіне байланысты кейінірек кіруіңізді өтінеміз" деген хабарлама тұрады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясындағылардың айтуынша, порталды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Құрметті қолданушылар! Қазіргі уақытта eGov.kz порталында проблемалар бар екенін хабарлаймыз. Жауапты мамандармен жұмыстар жүргізіліп жатыр, жүйедегі ақауды қалпына келтіру туралы қосымша хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", деп хабарлады компаниядағылар.