Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 155 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, наурыздан бері 11 435 адамнан қауіпті індет анықталған. Оның ішінде 11 202 пациент емделіп шыққан.
"Өткен тәулікте 14 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталды. Науқастардың бесеуі Атырау қаласында тіркелді. Сондай-ақ, Индер ауданында – 8, Исатай ауданында 1 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. Бір адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде. Қазір 99 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 24 науқас ем қабылдап жатыр", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Атырауда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеген.