• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2020

Атырауда караоке клубы шектеу шараларын сегіз рет бұзды

364 рет
көрсетілді

Атырау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге карантиндік шектеу режимін сегіз рет бұзған клубты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін "Китайка" мейрамханасы шектеу шараларын үшінші рет бұзып, 20-ға жуық адамға қызмет көрсеткен. "Баку" мейрамханасы да жұмыс істеп тұрған. Мұнда 15-тен астам адам болған. Ал, "Рыба моей мечты" караоке клубында  70-ке жуық адамның болғаны анықталды. Аталған караоке клубы карантин режимі  басталғалы бері сегізінші рет шектеулер мен талаптарды бұзып отыр", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері екі мейрамхана мен караоке клубтың басшыларына қатысты толтырылған әкімшілік хаттамаларды Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдады.