• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2020

Түркістан футбол стадионы неліктен қымбатқа салынған?

536 рет
көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан футбол стадионының неліктен қымбатқа саынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Самұрық-Қазына" қоры бірнеше нысан салып, сыйға артты. Соның бірі - 7 мың орынға арналған стадион. Одан кейін Конгресс-Холл, Оқушылар сарайын, Ахмет Ясауи мұражайын, Амфитеатрды сыйға тартты. Сапалары өте жоғары, қазіргі заманның барлық талаптарына сай нысандар", деді Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осы ретте облыс басшысы БАҚ өкілдерінің Түркістандағы футбол стадионына 31 млн доллар жұмсалғанына және мұндай қаражатқа Еуропада 20-25 мың адамдық стадион салынатындығына қатысты сауалына жауап берді.

"Еуропадағы және біздегі стадиондарды салыстыруға келмейді. Еуропаның футбол стадиондарында тек алаң мен трибуна ғана болады. Біздегі көпбейінді стадион саналады. Алаңы, жеңіл атлетикамен айналысатын жолы, трибуна астында гимнастика, ауыр атлетика, йога сынды спортпен айналысуға арналған залдары бар. Мамандар әзірше бұл стадионға 7 мың орын жетеді деп отыр. Орын жетпесе қақпа артына және жалғастырып тағы орындық қоюға болады", деді Өмірзақ Шөкеев.