• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Қараша, 2020

11 мыңнан астам елордалық емханаларға тіркелмеген

134 рет
көрсетілді

Қазақстанда, оның ішінде елорда да, соңғы екі ай ішінде – 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емхананы еркін таңдау науқаны жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазіргі таңда 1 160 000 астам адам қала емханаларына тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Ал 11 мыңнан астам елорда тұрғыны ешқайда тіркелмеген, яғни денсаулық сақтау жүйесінен тыс қалып отыр.  Сондай-ақ, елорда тұрғындары арасында медициналық сақтандырылмағандар да бар.

"Сондықтан бұл азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебелерін анықтауға шақырамыз. Тұрғындар өз мәртебелерін нақтылап, емханаға тіркелулері тиіс.

Медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркелу – бұл ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық түрін алу үшін қажетті шарт. Үйге барып медициналық көмек көрсету керек болған жағдайда қолжетімді болу үшін тұрғылықты жеріңізге жақын емханаға тіркелгеніңіз жөн", дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Естеріңізге саламыз, тіркелу науқанынан тыс кез келген уақытта МСАК ұйымын бірнеше жағдайда ауыстыруға болады:  егер Сіз тұрғылықты жеріңізді ауыстырған болсаңыз;  қаладан тыс жерге бір айдан астам мерзімге кетсеңіз; немесе алғаш рет еркін таңдау немесе тіркелу құқығын пайдаланам деп шешсеңіз; сондай-ақ емханаға сіздің қатысуыңызсыз тіркеген болса, емханаңызды ауыстыруыңызға болады. Сондай-ақ медициналық ұйым қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт бұзылған жағдайда, немесе сіздің үйіңізге жақын жерде жаңа емхана ашылса, тіркелуге болады.

ЭЦҚ болған жағдайда емханаға www.egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуге болады, ол үшін "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін таңдау қажет. Барлық жолдар толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі. Егер барлығы дұрыс толтырылып, орындалса, өтініш берушіге медициналық мекеменің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған тіркеу туралы хабарлама келеді.

Сонымен қатар, МСАК ұйымында бұл қызмет зейнеткерлерге, мүгедектерге, бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, сондай-ақ медреседе оқитындарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, шет мемлекеттерде туған балаларға, сондай-ақ сенімхат бойынша тіркелуді ресімдейтін адамдарға көрсетіледі. Ол үшін еркін нысанда өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету жеткілікті.

Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген медицина ұйымдары ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсете алады. Толық ақпаратты Қордың fms.kz сайтының «Емхананы таңдау» бөлімінен біле аласыз.

Айта кету керек, МСАК ұйымына осы жылы тіркеу науқаны кезінде тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды.