• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2020

Қызылордада көктайғақтың салдарынан 43 жол апаты тіркелді

194 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында жолдағы көктайғақ салдарынан соңғы екі күнде 43 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 10-ы дене жарақатын алған. Сондықтан полицейлер жолда абай болуға шақырды. 

"Автокөлік жолдарының көктайғақ аумақтары бойынша полицейлер "ҚазАвтоЖол" мекемесі қызметкерлерімен бірге жедел тексерілуде. Сол арқылы көлік құралдарының қауіпсіздік қозғалысы қамтамасыз етілуде. Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпті аймақтарға патрульдік полиция бекеттері қойылды. Жол бойында арнайы 9 автокөлік жұмылдырылып, арнайы материалдар себу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардан сақтық шараларына назар аударуды сұраймыз", дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов. Сондай-ақ, "Қызылорда-Жалағаш" жолында екі көлік соғылып, бір жолаушы көз жұмды.