• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қараша, 2020

Каирде Қазақстанның мерейтойлық медальдары табыс етілді

339 рет
көрсетілді

Каирде Жоғары Конституциялық соттың басшылығына Қазақстанның мерейтойлық медальдары табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz

2020 жылғы 15 қараша – Мысырдың Жоғары Конституциялық сотының төрағасы Саид Марей мен оның орынбасары Абдель Омар Шерифке "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медальдарын табыс етті.

Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф өз сөзінде: "Ата Заң еліміздің жаңа тарихында халқымыздың еркін ерігі мен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы стратегиясының бірлігін белгілеген үлкен қадам болды және қазіргі уақытта бұл бағытты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келуде", деп атап өтті.

Дипломат Мысыр тарапына конституционализмнің идеялары мен қағидаттарын ілгерілетуге және дамытуға бағытталған екі елдің сот органдары арасындағы көпжоспарлы және сындарлы өзара іс-қимылды жолға қойғаны үшін ризашылығын білдірді.

С.Марей мен А. Шериф осындай ерекше ілтипатқа шынайы алғыстарын білдіріп, "бұл оқиғаны Қазақстанмен өзара қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі тереңдету жөніндегі мысырлық күш-жігерді тану ретінде қарастырамыз" деп атап өтті. Конституциялық соттың басшысы аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтіп жатқандығына тоқталып, Н.Назарбаевтың мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы ерекше рөлін тілге тиек етті. Ол Қазақстан мен Мысырдың сот органдары арасындағы өзара іс-қимыл рухындағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделік танытты.

Сонымен қатар, Елші іс-шараның құрметті қонақтарының бірі Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разикті осы лауазымға сайлануымен құттықтап, оның атына келіп түскен Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Ә.Разик 10 қаңтарда Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау "демократиялық өзгерістер жолында сенімді алға басудын және ұлттық әл-ауқат деңгейі артуының тағы бір айқын дәлелі болады" деген сенімін мәлімдеді. Оның айтуынша, "Мысыр Қазақстанмен қалыптасқан достығын шынайы бағалай отырып, саясаттағы, экономикадағы, ғылымдағы және мәдениеттегі ортақ жетістіктерді мақтан тұтады, халықаралық аренада қол жеткізілген өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін бағалайды" деп сөзін түйіндеді.

Салтанатты жиында Елші екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталары арасында парламентаралық достық топтың құрылғандығын хабарлады. Оның құрамына Қазақстан тарапынан Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров бастаған 11 депутат кіргендінін жеткізді.

Іс-шараға сондай-ақ Әділет министрі Омар Маруан, Ақпарат министрі Осама Хейкал, Мемлекеттік кеңестің төрағасы Мұхаммед Хусам ад-Дин, тағы басқа да көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, Мысырда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.