• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2020

Атырауда түрме ауласына телефон лақтырғандар ұсталды

341 рет
көрсетілді

Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінің аумағына мобильді телефон салынған пакетті лақтырғандар ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, заңсыз сәлемдеме жеткізбек болғандар «Сергек» камералары арқылы анықталды.

«Бұрын соттылығы бар үш азамат Атырау қаласының орталығынан ұсталды. Олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір УГ-157/9 мекемесінің аумағына бейнебақылау камерасы қондырылған, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.