• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2013

Көңіл айту жеделхатын жолдады

272 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кәкімбек Салықовтың бүкіл білімі мен тәжірибесін, қажыр-қайратын туған елі мен халқының игілігіне арнап, жемісті еңбек еткен белгілі тұлға екенін атап өткен.

«Еңбек жолын инженер-метал­лург болып бастап, өзінің кемел білімі мен зор ұйым­дас­ты­рушылық қабілетінің арқа­сында республикамызда, Мәс­кеу­де және Өзбекстанның Қарақал­пақ облысында жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. Ол ғибраты мол өмірінде мемлекеттік қызмет пен табиғат берген ақындық дарынын қатар алып жүрді. Оның нәзік те сыршыл ақындық жүрегінен халқы сүйіп оқитын талай-талай жыр кітаптары мен ән арқауына айналған өлең жолдары туды. Осындай қасиеттерімен халқымыздың зор құрметі мен қошеметіне бөленді. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Кәкімбек Салықовтың есімі ұмытылмайтынын, ал халқымыз оның шығармаларынан әрдайым рухани нәр алатынын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар