• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2020

Қостанайлық полицейлер 474 қылмысты қызметтік иттің көмегімен ашқан

136 рет
көрсетілді

2020 жылдың алғашқы 10 айында Қостанай облысының полицейлері қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмысты ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда облыстық полиция департаментінің кинология орталығында 28 қызметтік ит бар. Орталықта 12 кинолог жұмыс істейді. Ал облыс бойынша полиция органдарында 71 ит қызмет етеді. Иісшіл иттер жоғалған, қашқан адамдардың соңынан із кесіп, жарылғыш заттарды, сондай-ақ есірткі заттарын іздеуге үйретілген.

"Қызметтік иттер одорологиялық сәйкестендіруге, яғни иістерді зерттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жоғалған адамдарды табуға, қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектеседі", дейді кинолог-мамандар.

Биыл Қостанай облысында кинологиялық қызмет мамандары қызметтік иттердің көмегімен есірткі және жарылғыш заттардың иісін ажырату бойынша 5489 зерттеу жұмысын жүзеге асырған.

 

Қостанай облысы