• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қараша, 2020

Ортақ мәселелердің кең ауқымы қаралды

135 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Прези­дентінің көмекшісі – Қауіп­сіздік Кеңесінің Хатшы­сы Әсет Исекешев бейне­конференция форма­тында өткен Тәуел­сіз Мем­ле­кет­тер Достас­ты­ғына (ТМД) қатысушы мем­ле­­кеттердің қауіпсіздік ке­ңес­­тері хат­шыларының VIII оты­рысына қатысты, деп ха­барлады Ақорда сайты.

Іс-шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Әзербайжан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Усубов, Армения Қа­уіп­сіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіп­­сіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіп­сіз­дік кеңесінің хатшысы Н.Мах­мудзода, Өзбекстан Респуб­лика­сы Президентінің жанын­дағы Қауіп­сіздік кеңесі­нің хатшысы В.Махмудов, Түрік­менстан Мемле­кеттік Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ч.Аманов, Беларусь Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттік хатшысының орын­басары В.Арчаков, Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқа­рушы хатшысы С.Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қа­тысты.

Форум барысында Достастық елдеріндегі бүгінгі сын-қатер­лер жағдайындағы ынтымақ­­тастық мәселелерінің кең спектрі қаралды.

Соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес пен жаңа биологиялық қауіп­терге қарсы іс-қимыл кезін­­дегі мемлекетаралық шаралар, ақпараттық кеңістікті қор­­ғау саласындағы ынты­мақ­тас­тық мәселелері, төтенше жағ­дай­лар­дың салдарын еңсеру жө­нін­дегі өзара іс-қимыл, Ауған­стан­дағы қазіргі ахуал және басқа да бағыттар талқыланды.

Әсет Исекешев өз сөзінде аймақ­тық қауіпсіздіктің ең өзекті мә­се­лелеріне, ТМД елдеріндегі тәуе­келдер мен қауіптерді азай­туға мән берді. Атап айтқанда, коро­навирус індетінің таралуына қарсы күрес, су-экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі, кибер­қауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымы­на, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте бірлескен жұ­мыс­тардың қажет екеніне назар аударды.