• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қараша, 2020

Мемқызметтің тиімділігін арттыру – басты мақсаттың бірі

132 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі негізгі мәселенің бірі – мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын арттыру, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру деп есептейді.

– Өкінішке қарай, күнделікті өмірде бірқатар мемлекеттік функ­циялар өз дәрежесінде атқа­рылмай, сапасыз және тиімсіз болып тұр. Меніңше, бұл мәселені шешудің екі жолы бар, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында журналис­тер сауалына жауап берген өңір басшысы.

Облыс әкімі атап өткендей, мұны шешудің бірінші жолы – өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін немесе стратегиялық болып саналмайтын мемлекеттік функ­цияның бәрін жеке секторға тапсыру.

Тұрғындарға көрсетілетін қыз­мет сапасын арттыру жә­не өңір кәсіпкерлерін ұзақмер­зім­ді қолдау мақсатында биыл сервис және жаңа техноло­гия­лар колледжі, Орал қала­сын­да­ғы орталық стадион сияқ­ты бір­қатар нысандар жеке кәсіп­кер­лердің сенімгерлік басқа­руына өтті.

Әкім айтқан екінші жол – қазір қызметте жүрген мемле­кет­­тік қызметшілерді ынталан­дыру және жаңа креативті ме­нед­жерлерді қызметке тарту ар­қы­лы мемлекеттік қызметтің бе­делі мен сапасын арттыру.

– 2021 жылдың 1 шілдесі­нен бастап факторлы-балл жүйе­­сін енгізу туралы Мем­лекет басшысының шешімі қызмет­кердің жалақысын 2-3 есе өсі­руге мүмкіндік береді. Бұл мем­лекеттік қызметшілердің қызмет сапасын арттыруына шынайы стимул ғой, – деді облыс әкімі.

Нәтижесінде, бұл істердің игілігін тұрғындар мен бизнес өкілдері көретіні анық.