Pfizer және BioNTech COVID-19 қарсы вакцинаның клиникалық сынағының 3-ші кезеңін 95% деңгейіндегі тиімділікпен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Бастапқы талдаулар көрсеткендей, вакцина алғашқы инъекциядан кейінгі 28-ші күннен бастап 95%-ға COVID-19 инфекциясынан қорғайды.Клиникалық сынақтар барысында нақты вакцина алған еріктілер арасында COVID-19 жұқтырудың 8 расталған жағдайы тіркелді.65 жастан асқан ересектерде байқалған тиімділік 94% - дан асады.Вакцинаның жанама әсерлері ретінде – шаршау (3,8%) және бас ауруы (2,0%) тіркелген.Компаниялар 2020 жылы вакцинаның 50 миллион дозасын және 2021 жылдың соңына қарай 1,3 миллиард дозасын өндіруді жоспарлауда.