• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қараша, 2020

Сенатта Ұлттық қордан үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң қабылданды

161 рет
көрсетілді

Сенатта Ұлттық қордан үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заң жобасында Ұлттық қордан 2021 жылға арналған республикалық бюджетке 2 700 млрд теңге, 2022 жылға - 2 400 млрд теңге, 2023 жылға - 2 200 млрд теңге сомасында кепілдендірілген трансферт мөлшерін айқындау көзделген", деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенаттың жалпы отырысында.Министрдің айтуынша, заң жобасында кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың мақсатты бағыты анықталған.   "Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ынтымақты зейнетақыларды, республикалық бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге бағыттау ұсынылады. 2021-2023 жылдарға айқындалған ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері Ұлттық қордағы қаражаттың азайтылмайтын қалдығы бойынша ІЖӨ - нің 30% мөлшерінде шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді", деді министр.