«Қазақмыс» мыс балқыту зауытынан мыс пен күміс ұрлаған қылмыстық топ жазасын алды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.
Ұрылардың төртеуі сол кәсіпорынның қызметкерлері болып шықты. Қылмыстық топтың құрамында жөндеуші слесарь мен басқа жерден келген екі адам бар. Олар зауыттан 15 млн.теңге тұратын 50 тонна мыс концентратын ұрлаған екен. Ал келесі зауыттың үш азаматы құны 85 млн. теңгелік 24 күміс кесегін ұрламақ болған. Осы әркеттері үшін олар жауапқа тартылды. «Қылмыс жасаған үшеудің мүлкі тәркіленіп, 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалғандарының да мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар жазаларын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады»,-дейді Қарағанды облыстық сотының БАҚ және қоғаммен байланыс бойынша үйлестірушісі Раушан Серғазина.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «24 kz»