• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Қараша, 2020

Сиыр етінен коронавирус анықталды

235 рет
көрсетілді

Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Синхуа агенттігі.

Ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылған.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр.