Елордада 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады, - деп хабарлайды Egemen.kz
«Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес қоғамдық көлік жексенбі күні жүрмейді. Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды», - деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.