• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2020

Атырауда баланы талаған иттің иесі жауапқа тартылды

216 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«18 қарашада сағат 16:51-де «102» пультіне «Жұлдыз-2» шағын ауданының тұрғынынан иттің кішкентай баланы талағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері екі жасар баланың басы мен қолынан жарақат алғанын анықтады. Кішкентай бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Іздеу шаралары кезінде баланы тістеген итті сол шағын аудандағы өндірістік базалардың бірінің аумағынан ұстады. Иттің иесі Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қабаған иттің иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 408-бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.