• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Қараша, 2020

Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды

464 рет
көрсетілді

Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым", дейді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Сәдуақас Байғабылов Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер лауазымын атқарды. Ол бұл қызметке 2020 жылдың 31 наурызында тағайындалған. 

Шілдеде С.Байғабылов бірнеше апта бойы Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды. Оның айтуынша, ол коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберілген. Алайда ай соңында ол көліктегі бас дәрігер лауазымына оралды.

2020 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Сәдуақас Байғабылов Павлодар облысының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері қызметін атқарды.