• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қараша, 2020

"Бір терезе" қызметі бойынша кеңесті қалай алуға болады?

358 рет
көрсетілді

Отбасылық, тұрғын үй, коммуналдық мәселелер бойынша көмек алу үшін, сондай-ақ елордада әлеуметтік ортаны жақсарту идеясын "Бір терезе" қызметі бойынша іске асыруға болады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қаладағы бұл қызметтер мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мамандар әр отбасымен жеке жұмыс жүргізеді. Елорда тұрғындарына open space алаңында қоғамдық денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, білім алу, тұрғын үй алу және бизнес ашу мәселелері бойынша жүйелі кеңестер мен көмек көрсетіледі.

Орталықта барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер жұмыс жасайды, ал балаларға арналған арнайы ойын аймағы ашылған, онда орталық қызметкерлері оларды қадағалайды.

ОИҚО Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайында орналасқан. Орталық жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сұрақтар бойынша +7-7172-27-82-98 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. Қажетті ақпаратты Орталықтың Instagram парақшасынан білуге болады.

"IQala" қалалық қызметтер орталығы елорда тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін онлайн режимде және бизнес туралы кеңес алу мүмкіндігін ұсынады. Бүгінгі күні Орталық жеке және заңды тұлғалар үшін 137 қызмет түрін көрсетеді. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін, қолжетімді қызметтер тізімі www.iqala.kz порталының басты бетінде орналасқан. Орталықтың фронт-офисі Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан. IQala жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша қала тұрғындары 109 бірыңғай байланыс орталығының (i-Komek) телефоны бойынша хабарласа алады.

Нұр-Сұлтандағы Азаматтық бастамалар орталығы белсенді елордалықтар мен үкіметтік емес ұйымдарға қаладағы әлеуметтік немесе мәдени ортаны жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыруға көмектеседі. АБО-да ақпараттық-әдістемелік қолдау, кеңес беру, оқыту іс-шаралары жүргізіледі. Орталық жобалар құнын есептеуге, сондай-ақ қаржыландыру мәселесін шешуге көмектеседі. 

Тұрғындардың белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуге және оны қалай жасауға болатынын білу үшін, Азаматтық бастамалар орталығына жүгінуге болады. Ол үшін civilcenterelorda.kz сайтында консультацияға өтінім қалдыру қажет немесе мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +7 7172 32 35 19, + 7 771 050 15 37, +7 708 800 28 87.

Тұрғын үй саласында қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай орталықта тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттары, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер мәселелері және т.б.

Орталықта арнайы мамандар қызметін алуға болады. Онда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс істейді. Бірыңғай тұрғын үй орталығы Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша орналасқан.