22 қарашадағы коронавирустық инфекциядан 11 191 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.