• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 23 Қараша, 2020

Абылайдың жолымен жүріп өтті

552 рет
көрсетілді

Жуырда біздің қо­лымызға сапалы қағазға басылған өте қалың кітап тиді. Бұл көкше­таулық бір топ өл­кетанушы азамат­тардың Абылай ханның ізімен Қызылжардан Шымкентке дейін­­гі 2,7 мың ша­­қырым жолды жүріп өткен экспеди­циясынан жа­зылған дүние екен.

Кітаптың аты «Абылай хан­ның қара жолы» деп аталады (Құрастырған М.Ыды­рысұлы., Көкшетау., «Мир печати»., 464 бет., 2020 жыл). Қа­зақ жолға қатысты тіркес­терді «дара жол», «сара жол», «қара жол» деп атаған ғой. Соның ішінде «қараға» қатыс­тысы терең мағыналы дүние­лерден сыр шертеді. «Қара ша­ңырақ», «қара өткел» де­ген­дерде қолданылатын «қа­ра» деген сын есім ежелгі, ба­йыр­ғы деген мағынаны берсе керек. «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасының шеңберінде басталған бұл сапар ресми түр­де Көкшетау қаласынан 2018 жылдың қыркүйек айында басталған екен. Жорықшылар 17-26 қыркүйек аралығында ханның болған жерлерінің көбін басып өткен.

Мұ­ны «Рухани жаңғыру» шең­берінде облыстық және аудан­дық әкімдіктер қол­дапты. Экс­педицияның же­текшісі жер­гілікті өлке­танушы Мұрат Ыды­­рысұлы, мүшелері және «қара жолдың» жобасын жа­сауға қатысқандар тарих­шы, профессор Қадіржан Әбуев, Ғизат Табылдин, Қуа­ныш Шақшақов, Бибігүл Бей­сенбайқызы. Экспедиция Нұр-Сұлтан қаласына жеткенде оған Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері Жабай Қалиев пен Қанат Еңсенов қосылыпты. Шеру­шілер астанадан әрі Сабынды, Қорғалжын, Шұбаркөл, Ұлы­тау, «Алаша хан, «Жошы хан» кесенелері, одан әрі Сәтбаев, Жезқазған, Қызылорда қала­ларынан өтіп, Сығанақ, Сау­ран, Отырар, Түркістан, Шым­кент, «Хан қорған» және т.б. жерлерді басып өткен. Сөйтіп, Абылай хан­ның жолымен қа­зақ даласын жаң­ғыртып, үлкен еңбек жасаған.

Қалың кітаптың өзі Абы­лай хан туралы жазылған түр­лі ғалымдар, журналистер мен ақын-жазушылардың мақа­лаларымен толтырылыпты. Сондықтан бұл кітапты сапарнама дегеннен гөрі, Абылай хан және оның заманында болған оқиғалар туралы жазылған түрлі мақалалардың жинағы десе боларлық. Ішінде біздің Қызылжардағы «Абылай хан­ның ақ үйі» туралы мақаламыз да бар.

 

Петропавл