24 қарашада сағат 12: 00-ден 18: 00-ге дейін Аллаш тас жолының көпірінен (Бөгенбай батыр даңғылы үстінен өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында жолдың оң жақ бөлігін жауып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліске жол бермеу үшін өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.