• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Мектеп жаңарды

358 рет
көрсетілді

Алғабас ауылы Орал – Атырау тас жолынан 30 шақырым қашықта жатыр. Талай жылдан бері ауа райының қолайсыз кезінде жол азабын жиі тартатын алғабастықтар биыл сол бейнеттің азаятынына қуанып жүр. Өйткені жол салынып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында былтыр 368 шақырым жол жөнделсе, биыл мемлекет қазынасынан өңірдің 436,5 шақырым жолын жаңғыртуға 36,2 млрд теңге қаражат қарас­ты­рылған болатын. Осы­нау жақсы жаңалықтың игілігі Алғабас ауылын да шарпыды. Алғабастың жолын жаңғыртуға 2 234,61 млн теңге қарастырылса, соның 964,3 млн теңгесі биыл игерілуі керек. Мердігер «Жайыққұрылыс» ЖШС жалпы ұзындығы 36,12 шақырым жолды екі жыл ішінде салып бітірмек. Биыл межеленген 16 км жолдың 12 шақырымы дайын болған. Құрылысқа 33 техника, 70 жолшы жұмылған. Өткен тамыз айын­да басталған жол құрылысы 2021 жылдың маусым айына дейін аяқталуы тиіс. Жолдың сапасын тиісті мекемелерден бөлек өңір басшыларының өздері де мұқият қадағалап отыр.

Алғабас ауылындағы тағы бір қуаныш – 1984 жылы салын­ған­нан бері күрделі жөндеу көрмеген ауыл мектебінің жаң­ғыртылуы еді. Карантин себебінен қажетті құрылыс ма­те­риалдары уақытында жет­­кізілмей, күрделі жөндеу мер­зімі бір айға ұзарса да ауыл тұрғындарының көңі­лі көтеріңкі. Мектепті жаң­ғыртуға республика бюдже­ті­нен 678 305 миллион теңге бөлінген. 624 оқушыға арнал­ған мектеп ғимаратының жанында 80 орындық интернаты да бар. Биылғы оқу жылында 292 оқушы тіркелген болса, соның 81-і кезекші сыныптарда мектепке барып білім алып жүр екен. Барлық құрал-жабдығы жаңартылған сыңғырлаған мектеп ғимараты оқушылардың сабақ үлгерімін көтеруге де әсер етері сөзсіз.