• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Қараша, 2020

Төрт жылда жойылған көлік көп

272 рет
көрсетілді

Ескі көліктерді жоюға арналған бағдарламаның қабылданғанына биыл төрт жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында құнын төлеу және сертификат беру бағыттары бойынша 158 770 автокөлік жойылған.

«ӨКМ Операторы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, төрт жыл ішінде тозығы жеткен техникаларды өткізген қазақстандықтарға 14 млрд теңгеден астам қаржы төленген.

Сертификат бағдарламасы бойынша 54 635 автокөлік қабыл­данған. Нәтижесінде, отандық өндірушілерден 28 141  су жаңа автокөлік сатып алынды.

Атап өтерлігі, биыл ескі кө­лікті тапсырғандарға берілетін өтемақы көлемі айлық есептік көрсеткішке байланысты өсірілді. Мау­сым айынан бастап жеңіл көлік тапсырғандарға берілетін өте­мақы 150 мыңнан 200 мың тең­геге (72 АЕК) дейін ұлғайды.

2020 жылдың 2 қарашасынан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабыл­даудың қанатқақты бағ­дар­ламасын іске қосты. Бағдарлама аясында агротехниканы тап­сы­рушыларға 560 мыңнан 2 млн теңге аралы­ғын­дағы жеңілдік сертификатын беруді бастады.

Жаңа бағдарлама іске қо­сыл­ғаннан бері 47 ауылшаруашылық техникасы қабылданды. Оның 33-і – трактор, 14-і – комбайн. Жыл соңына дейін ауылшаруашылық техникасын қабылдауға 120 квота (100 трактор және 20 комбайн) қарастырылған.

Ескі көліктерді жою бағ­дар­ламасы бойынша аймақтардан жиналған машиналар Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт 146 705 көлікті қайта өңдеді.