Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы қаласының полициясы ерекше статистика жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Бүгінгі таңда Алматы қалалық Полиция департаментінде Нұрсұлтан есімді 41 тәртіп сақшысы қызмет атқарып келеді. Оның 11-і Тәуелсіздіктің құрдастары. Аталған полиция қызметкерлері өздерінің есімдерін мақтан тұтады әрі өз қызметтеріне адал, кәсіби маман. Олар Отан алдындағы қызметін және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етуде", деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.