• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Атырауда тіркемесіне мұнай тиелген КамАЗ өртенді

308 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,  өрт бүгін, 24 қарашада Жылыой ауданындағы «Құлсары-Теңіз» жолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

"№9 өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік пультіне сағат 07:22-де жүк автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында "KARPET TRANSPORTATION" ЖШС-не тиесілі мұнай тасуға арналған КамАЗ автоцистернасының кабинасы, қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер автоцистернадағы 30 текше метр мұнайдың жануына жол бермеді", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 3 қызметкер мен 1 техникасының жұмылдырылды. Жалын сағат 07:42-де толық өшірілді.

Соңғы жаңалықтар